ҚР КОНСТИТУЦИЯНЫҢ жаңа жобасына арналған ақпараттық жиналыс өтті.

09.02.20206 ж. Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында дәрігерлердің және басшылықтың қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық жиналыс өтті.

Жиын барысында 30 қаңтар 2026 жылы конституциялық комиссия жариялаған жаңа Конституция жобасының жаңашылдықтары мен ерекшеліктері талқыланды.

Жиналыс барысында орталықтың директоры Жапырақ Кеңесханқызы жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Әсіресе, бір палаталы Парламент – Құрылтайды құру туралы идеяның өзектілігі туралы талқыланды.

Ата Заңның жаңа жобасына қатысты орталықтың заңгері Мадина Бейбітқызы Конституцияға жаңа жобада енгізілген бірқатар маңызды өзгерістерге жеке тоқталып ақпарттық баяндама жасады. Денсаулық сақтау саласы бойынша жаңа жобада азаматтардың денсаулығын қорғау құқығы 32-ші бапта нақты көрсетілгендігі туралы айтылды. Бұл бап бойынша азаматтар тегін медициналық көмек ала алады, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы медициналық қызметтерге де қол жеткізеді. Сонымен қатар, 7-ші бап діни ұйымдардың қызметіне шектеу қою арқылы халық денсаулығын қорғау, ал 23-ші бап ақпарат тарату мен сөз бостандығының денсаулыққа зиян келтірмеу қағидатын бекітіндігіне тоқталып өтті.

Мұндай ақпараттық жиналыстар орталық қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың мемлекеттегі маңызды реформалардың мәні мен маңызын тереңірек түсінуіне ықпал етеді. 

Жарияланған күні: 12-02-2026  



«АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

iconҚазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бастамашылық етілген отбасыларды қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды. 2021–2025 жылдар аралығында бұл бағдарлама қосалқы репродуктивтік технологиялардың қолжетімділігін арттырудың негізгі тетігіне айналып, мыңдаған қазақстандық жұпқа ата-ана болу [...]

Жарияланған күні: 16-03-2026  

Ана мен бала орталығының ұжымы қан тспсырды

iconiconiconҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бастамасымен жарияланған «Ерікті донорлар айы» аясында және қасиетті Рамазан айына орай, Маңғыстау облыстық Ана мен бала орталығының ұжымы игі іске үлес қосты. Орталық директоры Жапырақ Епенованың бастамасымен медицина қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырып, мұқтаж жандарға үміт [...]

Жарияланған күні: 04-03-2026  

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

iconiconiconІс-сапар аясында вице-министр Маңғыстау облыстық Ана мен бала перинаталдық орталығында болып, мекеменің қызметімен және медициналық көмекті ұйымдастыру деңгейімен танысты.  Кездесу барысында орталықтың басшысы Жапырақ Кеңесханқызы перинаталдық орталықтың негізгі қызмет нәтижелерін таныстырып, арнайы дайындалған слайд арқылы [...]

Жарияланған күні: 14-02-2026  

ҚР КОНСТИТУЦИЯНЫҢ жаңа жобасына арналған ақпараттық жиналыс өтті.

iconiconicon09.02.20206 ж. Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында дәрігерлердің және басшылықтың қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық жиналыс өтті. Жиын барысында 30 қаңтар 2026 жылы конституциялық комиссия жариялаған жаңа Конституция жобасының жаңашылдықтары мен ерекшеліктері [...]

Жарияланған күні: 12-02-2026  

Профессор Талшын Мұхадесқызы Үкібасова «Акушериядағы шұғыл жағдайлар» тақырыбында білім жетілдіру дәрісін өткізуде

iconiconicon2021 жылғы 06-10 желтоқсан аралығында, Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының конференцзалында, Астана қаласындағы «Ана мен Бала» Ұлттық ғылыми орталығының жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері, медицина ғылымының докторы, профессор Талшын Мұхадесқызы Үкібасова «Акушериядағы шұғыл жағдайлар» (Критические состояния в акушерстве) тақырыбында білім жетілдіру [...]

Жарияланған күні: 06-12-2021  

Бүгінгі жұмыс аптамыз жағымды жаңалықтарымен толы болды.

iconiconiconБүгінгі жұмыс аптамыз жағымды жаңалықтарымен толы болды. Біздің перинаталдық орталығымызда 3 маңызы зор оқіғалар бастама алды: 1. Халықаралық эндоскопиялық xирургтар конференция аясында Қазақстан, Ресей, Украина, Франция дәрігерлер қатысуымен гинекологиялық лапароскопиялық оталар, гистероскопия ем-шаралар онлайн көрсетулермен жүргізіліп басталды. [...]

Жарияланған күні: 11-06-2018  
Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»