ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Конституциясының, сонымен қатар «2026 жылғы 15 наурызда республикалық қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 Жарлығының қабылдануына байланысты, денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі түсіну және қолдану мақсатында Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылатын әлеуметтік мемлекет болып табылады.

Осыған байланысты денсаулық сақтау құқығы адам құқықтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі болып табылады және мемлекет тарапынан кепілді түрде қорғалуға жатады.

Конституцияның 32-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес:

- азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы бар;

- азаматтар заңда белгіленген, өздері ақы төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы.

Аталған нормалар Конституцияның 14-бабымен жүйелі байланыста қарастырылуы тиіс, онда адамның құқықтары мен бостандықтары ажырамас әрі мемлекетпен кепілдендірілетіндігі бекітілген.  Бұл мемлекет азаматтардың әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндетін сақтайтынын білдіреді.

«Азаматтар өздері ақы төлемейтін медициналық көмек» деген тұжырым өзінің құқықтық мәні бойынша медициналық көмектің ақылы болуын білдірмейді, керісінше, медициналық көмекті қаржыландыру көздерінің әртараптандырылуын көздей отырып, азаматқа тікелей қаржылық жүктеменің жүктелмейтінін білдіреді.

Атап айтқанда, медициналық көмек:

- мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде;

- заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен (қайырымдылық, халықаралық ұйымдар және т.б.) қаржыландырылуы мүмкін.

Осылайша, азамат медициналық көмекті тікелей төлемей алатын қолданыстағы модель сақталады.

Қосымша назар аудару қажет, Конституцияның 41-бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары тек заңмен және тек денсаулықты, қоғамдық тәртіпті және өзге де конституциялық құндылықтарды қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін. Бұл норма денсаулықты қорғаудың конституциялық басымдығын тағы да растайды.

Сонымен қатар, Конституцияның 5-бабына сәйкес Конституция ең жоғары заңдық күшке ие және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар оның нормаларын тікелей қолдануды қамтамасыз етуге міндетті. 

Жарияланған күні: 07-04-2026  



ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА

iconiconicon2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Конституциясының, сонымен қатар «2026 жылғы 15 наурызда республикалық қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 Жарлығының қабылдануына байланысты, [...]

Жарияланған күні: 07-04-2026  

Облыстық перинаталдық орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

iconiconicon31.03.2026 жылы Облыстық перинаталдық орталықта ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің жобалар картасы негізінде бекітілген жылдық іс-шара жоспарына сәйкес, медицина қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына түсіндірме жұмыстары [...]

Жарияланған күні: 31-03-2026  

Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының басшылығы мен ұжымы марапатталды.

iconiconiconЖаңа Конституция жобасын сапалы дайындауға және оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін орталық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды. Ұжымның кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігі – ел дамуына қосылған маңызды [...]

Жарияланған күні: 31-03-2026  

«АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

iconҚазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бастамашылық етілген отбасыларды қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды. 2021–2025 жылдар аралығында бұл бағдарлама қосалқы репродуктивтік технологиялардың қолжетімділігін арттырудың негізгі тетігіне айналып, мыңдаған қазақстандық жұпқа ата-ана болу [...]

Жарияланған күні: 16-03-2026  

Ана мен бала орталығының ұжымы қан тспсырды

iconiconiconҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бастамасымен жарияланған «Ерікті донорлар айы» аясында және қасиетті Рамазан айына орай, Маңғыстау облыстық Ана мен бала орталығының ұжымы игі іске үлес қосты. Орталық директоры Жапырақ Епенованың бастамасымен медицина қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырып, мұқтаж жандарға үміт [...]

Жарияланған күні: 04-03-2026  

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

iconiconiconІс-сапар аясында вице-министр Маңғыстау облыстық Ана мен бала перинаталдық орталығында болып, мекеменің қызметімен және медициналық көмекті ұйымдастыру деңгейімен танысты.  Кездесу барысында орталықтың басшысы Жапырақ Кеңесханқызы перинаталдық орталықтың негізгі қызмет нәтижелерін таныстырып, арнайы дайындалған слайд арқылы [...]

Жарияланған күні: 14-02-2026  

ҚР КОНСТИТУЦИЯНЫҢ жаңа жобасына арналған ақпараттық жиналыс өтті.

iconiconicon09.02.20206 ж. Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында дәрігерлердің және басшылықтың қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық жиналыс өтті. Жиын барысында 30 қаңтар 2026 жылы конституциялық комиссия жариялаған жаңа Конституция жобасының жаңашылдықтары мен ерекшеліктері [...]

Жарияланған күні: 12-02-2026  

Профессор Талшын Мұхадесқызы Үкібасова «Акушериядағы шұғыл жағдайлар» тақырыбында білім жетілдіру дәрісін өткізуде

iconiconicon2021 жылғы 06-10 желтоқсан аралығында, Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының конференцзалында, Астана қаласындағы «Ана мен Бала» Ұлттық ғылыми орталығының жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері, медицина ғылымының докторы, профессор Талшын Мұхадесқызы Үкібасова «Акушериядағы шұғыл жағдайлар» (Критические состояния в акушерстве) тақырыбында білім жетілдіру [...]

Жарияланған күні: 06-12-2021  

Бүгінгі жұмыс аптамыз жағымды жаңалықтарымен толы болды.

iconiconiconБүгінгі жұмыс аптамыз жағымды жаңалықтарымен толы болды. Біздің перинаталдық орталығымызда 3 маңызы зор оқіғалар бастама алды: 1. Халықаралық эндоскопиялық xирургтар конференция аясында Қазақстан, Ресей, Украина, Франция дәрігерлер қатысуымен гинекологиялық лапароскопиялық оталар, гистероскопия ем-шаралар онлайн көрсетулермен жүргізіліп басталды. [...]

Жарияланған күні: 11-06-2018  
Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»