МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
11 Тамыз 2023
Ақтау қаласында «Бизнес пен квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру» бойынша комплаенс-офицерлер оқуы болып өтті. Оқуға қатысқандар қатарында Облыстық перинатальдық орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметінің қызметкері де бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі аясында бизнес өкілдері үшін бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық және ұлттық стандарттары, комплаенс жұмысын диагностикалау және сыртқы мониторингілеу құралдары, компаниялардағы мүдделер қақтығысын реттеу сияқты бағыттар қамтылды.
Қатысушылар сондай-ақ ұйымдағы сыбайлас жемқорлық және корпоративтік алаяқтық тәуекелдерін сәйкестендіру, due diligence, мүдделер қақтығысын реттеу және жалпы комплаенс-қызметтердің қызметі мәселелері бойынша жеке консультациялар алды.
Комплаенс мектебінің бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің өз міндеттерін іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және компаниялардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетуге көмектесу, жәрдемдесу және қолдау үшін арнайы әзірленген.
Ұйымдастырушылар квазимемлекеттік сектордағы адал қызметті қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс офицерлердің тиімді қызметі болып табылатынын атап өтті.
Комплаенс офицерлер оқуын «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы ұйымдастырды.
Жарияланған күні: 23-08-2023СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІ
ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-да Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды төмендету бойынша тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады. Егер Сіз Орталық қызметкерлері [...]Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары
«Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК-де 2025 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша талдамалық анықтама дайындалды. Талдау барысында кәсіпорын қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін негізгі бағыттары зерделенді. Нәтижесінде [...]Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК 2025 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетінін хабарлайды. Күні: 2026 жылғы 24 шілде Уақыты: 10:00 [...]Облыстық перинаталдық орталықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер [...]СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ Уақыты: 15-00 05 тамыз 2025 жыл Ақтау қаласы [...]Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкi талдау жүргізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
2025 жылғы 01 шілдеден бастап, Маңғыстау облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «Облыстық перинатальдық орталығы» мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. [...]Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау есебі және 1-хаттама
[...]Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
[...]Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
[...]Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы. Комплаенс қызметі қаперіңізге береді!
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» [...]СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ..
Ақтауда комплаенс-офицерлердің оқуы өткізілді
11 Тамыз 2023 Ақтау қаласында «Бизнес пен квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру» бойынша комплаенс-офицерлер оқуы болып өтті. Оқуға қатысқандар қатарында Облыстық перинатальдық орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы [...]СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна