ГКП на ПХВ «ОБЛАСТНОЙ ПЕРИНАТАЛЬНЫЙ ЦЕНТР»
Аккредиттеудің негізгі міндеті – медициналық көмек көрсетудің сапасы және науқастар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі. Белгіленген талаптарға жауап беретін ұйым науқастың сенімінен шығады және пациент аккредиттелген мекеменің білікті мамандары тарапынан жоғары сапалы медициналық көмек көрсететініне сенімді. Бұл - аккредиттелген медицина ұйымдарының жетуі қажетті жоғары деңгей болып саналады.
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы ерікті негізде, ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес, аккредиттеу стандарттарының бағалауынан өтіп, ұлттық аккредиттеудің ЖОҒАРЫ САНАТЫНА ие болды! Яғни, орталық пациенттерге жоғары сапалы медициналық көмек және мінсіз сервистік қызмет көрсетуге дайындығын растады.
Сарапшылар орталықта жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалады, оларды одан әрі жетілдіруде, жаңаша ойлау, ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану, күрделі клиникалық-диагностикалық тапсырмаларды шешу мүмкіндіктеріне бағыт-бағдарлар берді. Барлық бөлімшелер мен үрдістерді стандарт бойынша бағалап, медициналық көмектің сапасымен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, дәрігердің науқасты қарауы мен емдеуі, мейіргердің күтімі, қауіпсіздік, пациенттерді емдеу және күтудің ерекшеліктері, дәрілік заттарды қолдану, пациенттерді оқыту, инфекциялық бақылау, ғимарат және инженерлік-коммуналдық жүйелердің қауіпсіздігі, адами ресурстарды басқару, жұмысты жақсарту әдістері, ақпараттарды басқару және мәліметтердің статистикалық талдауы, медициналық қателіктерді талқылау және түзету шараларды қабылдау, ұжымдағы жағдай және қауіпсіздік мәдениеті деңгейіне назар аударды.
Қазіргі уақытта Перинатальдық орталық пациенттерді емдеуді ұйымдастырудың инновациялық тәсілімен ерекшеленеді. Отандық және шетелдік денсаулық сақтаудың жаңалықтары жүзеге асырылуда, диагностикалау мен емдеудің ең озық әдістері енгізілуде. Бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінен келген пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп отыр.
Перинатальдық орталық ұжымын аталған жоғары жетістігімен құттықтаймыз!
Барлық қызметкерлер медициналық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келетін көлемде кәсіби міндеттерін нақты орындап, біліктіліктің жоғары әлеуетін көрсетті
Айта кететіні, аккредиттеу медициналық мекемелерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырысты жеңілдікпен орналастыруға құқық береді.
Дата публикации: 03-12-2025Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы кезекті ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ️өтті! ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес, аккредиттеу стандарттарының бағалауынан өтіп, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЖОҒАРЫ САНАТЫНА ие болды.
МИНЗДРАВ УСИЛИВАЕТ ПРОТИВОЭПИДЕМИЧЕСКИЕ МЕРЫ В СВЯЗИ С РОСТОМ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ ОРВИ И ГРИППОМ
ДЕТСКИЙ ИНФЕКЦИОНИСТ ПРЕДОСТЕРЕГАЕТ РОДИТЕЛЕЙ ОТ САМОЛЕЧЕНИЯ И БЕСКОНТРОЛЬНОГО ПРИЕМА ЖАРОПОНИЖАЮЩИХ
Цифровизация, поддержка врачей и безопасность медиков: Минздрав реализует поручения Президента
Президент о здравоохранении: новые подходы и контроль с применением ИИ
Кампания по прикреплению к поликлиникам в Казахстане продлится до 1 ноября
ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ПОРУЧИЛ УЖЕСТОЧИТЬ МЕРЫ НАКАЗАНИЯ В СЛУЧАЕ НАПАДЕНИЯ НА МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ
В Казахстане родился 20-миллионный гражданин!!!
20 ноябрь - Всемирный день Ребенка! Всем детям — все права!
ЖЕТЕКШІ ДӘРІГЕРДЕН ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР- ТРЕНИНГ!!
29 октября - День общенационального траура в Республике Казахстан
КЕЗЕКТІ ДӘРІС: «Акушериядағы гипертензиялық жағдайлар»
Соңғы жылдары үшемдердің дүниеге келуі қалыпты құбылысқа айнала бастаған
секілді. Орталықта жыл басынан бері 6000-нан астам шарананың кіндігі
кесілді. Олардың 114-і егіз, 3-і-үшем.
Ақтау қаласының тұрғыны, 26 жастағы жас ана үшемдерді дүниеге әкелді. Жүктіліктің 32-аптасында дүниеге келген нәрестелер, өңірдегі сегіз ай ішінде жарық дүние есігін ашқан үшінші үшемдер. Салмақтары 1430,0 гр, 1640,0 гр және 1,480 гр болып туылған сәбилер 2023 жылғы тамыз айының 11 -де дүниеге келді. Нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап, салмақ қосып, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.
Балапандардың әкесі әскери қызметкер, бүлдіршіндіріне Айша, Абзал, Ағзам есімдерін берген. Бүгін ел тыныштығын күзету, Отан қорғауды қасиетті борышы, киелі ісім деп білетін әкесі мен оның ұжымдастары барлық сән-салтанатымен сәбилерді үйлеріне шығарып алды.
Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Үшемдер ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілекшіміз!
Маңғыстауда биылғы екінші ҮШЕМ Білім күні үйге шығарылды!!
Ақтау қаласының тұрғыны Тұрсыновтар отбасында Үшемдер дүниеге келді. 9 жыл күткен қуанышты сәтте ата-анасы бірден үшем болады деп ойламаса керек. Салмақтары 1,500 гр, 1,400 гр және 850.0 гр. болып дүниеге келген сәбилердің біреуінде туа біткен жүрек ақауы (ашық артериялық түтік-ААТ) анықталып, 63-ші тәулікте сәбиге Ақтөбе облыстық «Ана мен бала» орталығының бөлім меңгерушісі, кардиохирург дәрігер Досмаганбетов Ануар Сагидуллаевич лигирование отасын сәтті жасады. Нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия және нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алып, жағдайлары тұрақталып, бүгін, 69-шы тәулікте, аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды. Ата-әжелері немерелеріне Мансур, Расул, Айару деген есімдер берген. 34 жастағы үшемнің анасы сәбилеріне өмір сыйлаған ақ халаттыларға шын ризашылығын білдірді.
Орталық атынан Тұрсыновтар отбасын көптен күткен қуанышымен құттықтаймыз, ал сәбилерге шын жүректен мықты денсаулық тілейміз!
блог руководителя
Епенова Жапырак Кенесхановна