МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Бүгін Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен республиканың жетекшi ғылыми орталықтары мен жоғары медициналық оқу орындары қатысуымен акушер-гинекологтардың «Жүрек, қан-тамыр патологиясы және жүктiлiк» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілуде.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда жүрек, қан-тамыр аурулары жиi кездесуде.
Қазіргі кезде диагностика сапасын жақсарту, туа бiткен және жүре пайда болған жүрек кемiстiктерiн анықтау, емдеудiң тиiмдi әдiстерiн енгізу, мамандандырылған көмектi әбден жетiлдiру және кардиохирургия жетiстiктерiнің арқасында, бұрынғы жылдарда жүктi болуға қарсы көрсеткіштері бар науқас әйелдер жүкті болуға мүмкiндік алды.
Экстрагениталдық аурулардың таралуын талдау, бұл жүрек, қан-тамыр аурулары жүктi әйелдердің 10-15% ұшырасатынын көрсеттi.
Жүрек, қан-тамыр аурулары барлық экстрагениталдық патологиялардың арасында негiзгi орынға ие. Жүктi және босанған әйелдердің iш құрылыстар ауруларының арасында олар 60 % құрайды.
Жүректiң ауруы осы кезде жүктi әйелдердің аналық және перинаталь өлiм-жiтiмiнiң негізгі себептерiнiң бiрi. Бұл патология кезінде жүктiлiктің, туу және туғаннан кейiнгi мерзiмде түсік тастау, гестоз, жатырдың әлсіздігі, қан кету, ұрықтың гипоксиясы, туғаннан кейiнгi септикалық асқынулар және басқа да асқынулар жиi пайда болады.
Сондықтан жүрек, қан-тамыр ауруларын анықтау, олардың профилактикасы, емдеуді одан әрі әбден жетiлдiруi және ұрықты антенаталды қорғау жөнінде iс-шаралар әзiрлеу өте өзектi мәселе.
Жүктiлiк, туу және туғаннан кейiнгi кезде жүрек, қан-тамыр ахуалының және гемодинамиканың өзгеруiн ескеру керек.
Жүрек, қан-тамыр ауруларынан аналық өлiм-жiтiм төмендету үшiн күресуде жетекшi рөл алғашқы медицина-санитарлық көмекте. Оның негiзгi міндеттері: 1) жүрек, қан-тамыр аурулары бар науқас жүкті әйелдерді (ерте мерзiмнен бастап) толық қамту; 2) бұл патологияны дер кезiнде анықтау және дұрыс диагностикалау; 3) жүректiң органикалық ауруларымен жүктi әйелдерде қанайналымның жестіпеушілігінің алғашқы белгiлерi пайда болғаннан бастап, дер кезiнде емдеуге жатқызу (қажет болса - қайталап және ұзақ); 4) жүктiлiктiң ағымын терапевт пен акушер дәрiгердің жүйелi түрде бақылауы; 5) республикалық ғылыми орталық деңгейiнде (НЦАГиП, НЦМиД) босануға дер кезiнде емдеуге жатқызу болып табылады.
«Жүрек, қан-тамыр патологиясы және жүктiлiк» тақырыбындағы бүгiнгi облыстық ғылыми-практикалық конференция Осы мақсатқа арналады.
Жарияланған күні: 02-08-2013«Бір күндік клиника» - салауатты болашаққа қадам
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы кезекті ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ️өтті! ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес, аккредиттеу стандарттарының бағалауынан өтіп, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЖОҒАРЫ САНАТЫНА ие болды.
Халықаралық шала туған нәрестелер күні қарсаңында Перинатальдық орталықта ерекше шара өтті.
17 қараша - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕР күні!
Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна