7 СӘУІР – ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ!!

Ана денсаулығы – ұлт саулығы.
Ана саулығы – дені сау ұлттың кепілі. Қоғам дамуында ана мен сәби өмірі үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Елімізде денсаулықты дамытудың 2021-2025 жылға арналған «Дені сау ұлт» атты әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы  жүзеге асылуда. Халықтың саулығын жақсартуды көздейтін жобаның басым бағыттарының бірі де осы ана мен баланың денсаулығы.
Отбасын ең үлкен мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет дейміз. Ал, ана – шаңырақтың шуағы, отбасының бақыты мен берекесі. Сондықтан, «ана» деген ардақты атқа ие болған әрбір әйел затының алдында өскелең ұрпаққа деген зор жауапкершілік тұр.
Кез-келген ана перзентіне төнетін қауіптің алдын ала алады. Осыны естен шығармағаны жөн. Ол үшін біріншіден, әйел жүктілікке дейін денсаулығын күтіп және жақсы тамақтанып, күйзелістен аулақ болуы қажет. Екіншіден, ол әрбір жүктілік кезеңінде медицина қызметкеріне кемінде төрт рет қаралғаны абзал. Үшіншіден, босанғаннан кейін ана мен бала алғашқы тәулікте, бірінші аптада және алты аптада тиісті мамандарға қаралуы керек.
Сонымен қатар, бала туу жасындағы келіншектердің өз саулығына мән бермеуі, әсіресе жүктілікке дейін немесе жүктілік кезінде дұрыс емделмей қалған аурулардың болуы құрсақтағы нәресте үшін аса қауіпті. Өйткені, ол дерт нәрестеге анасы арқылы берілуі мүмкін. Бұл – шарананың уақытынан ерте тууына немесе дене салмағының аз болуына әсер ететін негізгі фактор. Ол болашақта бала саулығына қатысты басқа да проблемалардың туындауына себеп болады.
Дана халқымыз «Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар» деген. Қалай десек те, ананың ауыруы болашақ ұрпақ үшін де, қоғам үшін де үлкен қасірет. Денсаулығы нашар анадан, әлбетте, дені сау ұрпақтың тумайтыны анық. Сол себепті, аналарды болашақ ұрпақтың өмірі мен денсаулығына салғырт қарамауға шақырамын. Өйткені, ұлт саулығы – ананың қолында!

Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының баспасөз қызметі 

Жарияланған күні: 07-04-2025  



«Бір күндік клиника» - салауатты болашаққа қадам

iconiconicon

Жарияланған күні: 09-12-2025  
Толығырақ

КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ!

icon

Маңғыстау облыстық ​ перинатальдық орталығы кезекті ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ​️өтті!   ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес, аккредиттеу стандарттарының бағалауынан өтіп, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЖОҒАРЫ  САНАТЫНА ие болды. 


Жарияланған күні: 03-12-2025  
Толығырақ

АНАЛАР​ АЛҒЫСЫ

iconiconicon

Халықаралық шала туған нәрестелер күні қарсаңында  Перинатальдық орталықта ерекше шара өтті. 


Жарияланған күні: 21-11-2025  
Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖРВИ-МЕН ЖӘНЕ ТҰМАУМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ КҮШЕЙТУДЕ

icon

Жарияланған күні: 19-11-2025  
Толығырақ

БАЛАЛАР ИНФЕКЦИОНИСТІ АТА-АНАЛАРДЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ЕМДЕУДЕН ЖӘНЕ ЫСТЫҚТЫ ТҮСІРЕТІН ДӘРІЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАБЫЛДАУДАН САҚТАНДЫРАДЫ


Жарияланған күні: 19-11-2025  
Толығырақ

17 қараша - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕР күні!

iconiconicon

Жарияланған күні: 17-11-2025  
Толығырақ


Жарияланған күні: 17-11-2025  
Толығырақ

Марапаттаулар мен жетістіктер

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-11-2025  
Толығырақ

Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-10-2025  
Толығырақ

«БЕДЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНА-2025»

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-10-2025  
Толығырақ

Кезекті жаттығу өтті.

iconiconicon

КӨК КОД...

СИНИЙ КОД! 


Жарияланған күні: 22-10-2025  
Толығырақ

Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!

iconiconicon

Жарияланған күні: 22-10-2025  
Толығырақ

Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!

iconiconicon

Жарияланған күні: 16-10-2025  
Толығырақ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді

iconiconicon

Жарияланған күні: 11-10-2025  
Толығырақ

Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-10-2025  
Толығырақ

Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!

iconiconicon

Жарияланған күні: 06-10-2025  
Толығырақ

Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-10-2025  
Толығырақ

ОТБАСЫ КҮНІ!! АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

iconiconicon

Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы. 


Жарияланған күні: 15-09-2025  
Толығырақ

Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-09-2025  
Толығырақ

Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар

iconicon

Жарияланған күні: 09-09-2025  
Толығырақ

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары


Жарияланған күні: 09-09-2025  
Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

icon

Жарияланған күні: 24-07-2025  
Толығырақ

СЕНБІЛІК ӨТТІ!

iconiconicon

Жарияланған күні: 08-07-2025  
Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!

iconiconicon

Жарияланған күні: 08-07-2025  
Толығырақ

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»