1-7 ТАМЫЗ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ АПТАЛЫҒЫ

Балалардың өмірін құтқаруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу кезінде олардың басты компоненті - ана сүтімен емізу болып табылады. Балаларға мейірімді аурухана бастамасы (BFHI) -бұл дүниежүзілік ДДСҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ -Біріккен Ұлттар Ұйымы​ Балалар​ ​ қорының бастамасы​ нәрестелердің сырқаттанушылығы және өлім-жітімін төмендетуге,​ емшек сүтімен емізудің сәтті және тұрақты болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің орталықта​ бұл бағдарлама бойынша іс-шаралар 2019 жылы басталған болатын.2021 жылы Облыстық перинаталдық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған «Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және насихаттау» бағдарламасы бойынша сертификациядан өтіп, «Балаларға мейірімді аурухана» мәртебесіне ие болды. Барлық медициналық қызметкерлері осы қағидалар бойынша оқытылды және қосымша дағдылар мен ақпараттармен қамтамасыз етілді.​ Қызметкерлер алған білімдерін​ ​ қолданып, жүкті және босанған аналарды сәбиді кеуде сүтімен емізу ең жақсы нәрсе деп сендіруге тырысады және үйге қайтарда да баланы қалай тамақтандыру​ керектігін үйретеді.​ «Емшекпен табысты емізудің он қағидатын» жүзеге асыру бойынша міндеттеме алып, аналарға босанғаннан кейін бірден​ сәбилерін емшек сүтімен қоректендіру қажеттілігі, емшек сүтінің пайдасы​ туралы ақпараттар беруде. Қазіргі таңда емшекпен емізудің 10 критерийі​ мейілінше сақталады. Олар: аналарды бала туылғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта емізуді бастау, аналарға емшек сүтімен емізудің әдістері туралы және дұрыс ақпарат беру, медициналық қажеттілік болмаса, жаңа туған нәрестелерге емшек сүтінен басқа тамақ бермеу, ана мен балаға бір бөлмеде 24 сағат тұруға рұқсат етілу, нәрестені кез-келген сұраныс бойынша емізу, емшек сүтімен емізетін нәрестеге жасанды күшейткіштердің берілмеуі және перзентханадан шығарылған аналарға емшек емізуді қолдауды жалғастыру керектігі. Бұл қолданылатын саналы әдістер әсіресе шала туылған сәбилерге өте пайдалы.Емшек сүтімен қоректену дағдылары жас аналарға үнемі насихатталуда. Ол үшін барлық бөлімшелерде қолайлы жағдайлар жасалған. ​ ​ ​ ​ ​ ​

Орталықтағы РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ мамандары ​ өз жұмысын алға карай шыңдап келеді. Апта сайын бірнеше рет сабақ өткізіледі.​ Мамандар ​ жас босанған аналармен сәбиді ​ емшек сүтімен қоректендірудің маңызы, баланы қауіпсіз тамақтануы, нәрестені омырауға дұрыс салу, сүт бездері қатаюының ​ алдын-алу туралы сұхбаттасып, дәрістер өткізуде. Орталықтың кіре берісінен бастап, бөлімдерде,​ холл,​ палаталарда ана сүтін насихаттауға бағытталған ақпараттар, хабарламалар ілінген.​ Буклет​ кітапшалар​ жеткілікті түрде​ таратылып​ отыр. Нәрестелердің физиологиялық тұрғыдан дұрыс тамақтануының жалғыз жолы болып табылатын емшекпен емізу туралы заманауи ақпараттармен ​ медицина қызметкерлері толықтай қамтылған.Орталық ұжымы беделді мәртебені​ жоғары деңгейде ұстау үшін​ бар мүмкіндігі мен күш-жігерін жұмсайтын болады. 

Жарияланған күні: 04-08-2022  



«Бір күндік клиника» - салауатты болашаққа қадам

iconiconicon

Жарияланған күні: 09-12-2025  
Толығырақ

КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ!

icon

Маңғыстау облыстық ​ перинатальдық орталығы кезекті ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ​️өтті!   ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес, аккредиттеу стандарттарының бағалауынан өтіп, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЖОҒАРЫ  САНАТЫНА ие болды. 


Жарияланған күні: 03-12-2025  
Толығырақ

АНАЛАР​ АЛҒЫСЫ

iconiconicon

Халықаралық шала туған нәрестелер күні қарсаңында  Перинатальдық орталықта ерекше шара өтті. 


Жарияланған күні: 21-11-2025  
Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖРВИ-МЕН ЖӘНЕ ТҰМАУМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ КҮШЕЙТУДЕ

icon

Жарияланған күні: 19-11-2025  
Толығырақ

БАЛАЛАР ИНФЕКЦИОНИСТІ АТА-АНАЛАРДЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ЕМДЕУДЕН ЖӘНЕ ЫСТЫҚТЫ ТҮСІРЕТІН ДӘРІЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАБЫЛДАУДАН САҚТАНДЫРАДЫ


Жарияланған күні: 19-11-2025  
Толығырақ

17 қараша - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕР күні!

iconiconicon

Жарияланған күні: 17-11-2025  
Толығырақ


Жарияланған күні: 17-11-2025  
Толығырақ

Марапаттаулар мен жетістіктер

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-11-2025  
Толығырақ

Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-10-2025  
Толығырақ

«БЕДЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНА-2025»

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-10-2025  
Толығырақ

Кезекті жаттығу өтті.

iconiconicon

КӨК КОД...

СИНИЙ КОД! 


Жарияланған күні: 22-10-2025  
Толығырақ

Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!

iconiconicon

Жарияланған күні: 22-10-2025  
Толығырақ

Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!

iconiconicon

Жарияланған күні: 16-10-2025  
Толығырақ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді

iconiconicon

Жарияланған күні: 11-10-2025  
Толығырақ

Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-10-2025  
Толығырақ

Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!

iconiconicon

Жарияланған күні: 06-10-2025  
Толығырақ

Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-10-2025  
Толығырақ

ОТБАСЫ КҮНІ!! АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

iconiconicon

Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы. 


Жарияланған күні: 15-09-2025  
Толығырақ

Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-09-2025  
Толығырақ

Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар

iconicon

Жарияланған күні: 09-09-2025  
Толығырақ

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары


Жарияланған күні: 09-09-2025  
Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

icon

Жарияланған күні: 24-07-2025  
Толығырақ

СЕНБІЛІК ӨТТІ!

iconiconicon

Жарияланған күні: 08-07-2025  
Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!

iconiconicon

Жарияланған күні: 08-07-2025  
Толығырақ

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»