МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Облыстық перинатальдық орталығында ашылған анестезиолог-реаниматологтардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАСПИЙ ФОРУМЫ аясында, онлайн/офлайн, тікелей эфир режимінде, еліміздің жетекші мамандары, сонымен қатар, Словакия, Лондон.Солтүстік Батыс Англия, Bangkok. Thailand мемлекеттерінен мамандар маңызды тақырыптармен баяндама жасады.
Атап айтқанда, «Қазақстан анестезиолог-реаниматологтары Қоғамының» төрағасы, медицина ғылымының докторы, профессор Жумадилов А.Ш «Акушерлік сепсис», ОРИТ жағдайындағы хирургиялық және терапиялық пациенттерде тромбоздың алдын-алу бағыты бойынша С.Асфендияров атындағы КазМУ ішкі ауруларды басқару кафедрасының меңгерушісі, Европалық кардиологтар Қоғамының тромбоз мәселесі бойынша жұмыс тобының мүшесі, медицина ғылымының кандидаты Сугралиев А.Б. анестезия және қарқынды терапия бойынша кеңесші Игнатов Данчо (Лондон.Солтүстік Батыс Англия NHS TRUST Питерборо және Хантингдон) «Сепсис және септикалық шокты басқару бойынша халықаралық кеңестер» тақырыбында, НКЦЭМ сарапшысы Мусин Е.Ш. «Реанимация жағдайындағы пациенттерді тамақтандыру. Эксперт кеңесі», СНГ елдеріндегі наркоз-тыныс алу аппараттары бойынша жетекші кеңесші Папулак Ян (Хирана, Стара-Тура қ, Словакия) «Көпдеңгейлі вентиляция бағдарламасы-PMLV. Принциптері мен тәжірибелік маңыздылығы» туралы, Анестезиологтар Департаменті мүшесі (Bangkok. Thailand) Prasert Sawasdiwipachal «TCI-ді басқаруды жаңа деңгейге көтеру» тақырыбында, Ресей мемлекеті, Томск кардиологиялық ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты Н.О. Каменщиков «Аортокоронарлық шинт қоюда миокардты қорғау», Астана қаласы, «Axcent medical KME» бренд менеджері С.А.Раймбекова, даму менеджері Асанова А. «Sedaconda қолданғандағы нгаляциялық седация» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция барысында дәрігерлер анестезиолог-реаниматология саласының күрделі және көптеген өзекті мәселелерін талқылады.
Анестезиолог-реаниматологтардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАСПИЙ ФОРУМЫ ашылды
Отбасы денсаулығы Қазақстанның болашағы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ АШЫЛДЫ
Тұрғындар және аниматорлар мен музыка иелерінің ҚАПЕРІНЕ
ШЕБЕРЛІК КЛАССТАР басталды
Ультрадыбыстық зерттеме (УДЗ) конференциясы ашылды!
ЖЕТЕКШІ ХИРУРГТАР қатарында - НҰРЛАН САҒИДУЛЛАҰЛЫ ЖАКИЕВ
Ақтау қаласының тұрғындары назарына
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы «Балаларға мейірімді аурухана» мәртебесінде 2 жыл!!!
2023 жылғы 28 шілде күні Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана ЕСЕТОВА ГАУХАР орталықтағы шала туған нәрестелерге тез сауығып шықсын деген тілекпен, өз қолымен таза жүннен тоқыған киімдерін табыс етті.
⚜️ Шала туған сәбилер үшін жүннен дайындалған тоқыма бұйымдар аса пайдалы. Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилердің тыныс алу орталығы әлсіз, организмі толық жетілмегендіктен басы, аяғы мен қолдарының ұшында қан айналымы баяу, әлсіз болады және олар ұзағырақ ұйықтауға бейім болады. Ал тоқыма киімнің түгі сәбидің денесін тітіркендіреді, нәресте үнемі қозғалысқа бейімделіп тұрады. Бұл денені жылытуға, қанайналымды жақсартуға үлкен әсер етеді. Көбінесе бас киім, шұлық және кеудеше пайдаланылады.
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
Орталық атынан қайырымдылық жасаған
Қадірлі де құрметті айрықша кәсіп иелері –ЖУРНАЛИСТЕР қауымы!
Кәсіби мерекеңіз құтты болсын!
Сәт сайын алға басып, қарқынды дамып келе жатқан медицина саласында
ғылыми жаңалықтар, жаңа бағыттар мен бастамалар, емдеудегі жаңа
әдіс-тәсілдер күн сайын пайда болуда. Медицина қауымы осындай
жаңашылдықтарды халықтың дұрыс түсініп қабылдағанын, қоғамда оң пікір
қалыптасқанын қалайды. Әсіресе, АНА мен БАЛА денсаулығына қатысты:
аурулардың қаупін азайту, медициналық көмек көрсету мәселелері. Бұл
ретте бұқаралық-ақпарат құралдарының, халықтың үні, көзі, құлағы - журналистердің қолдауы мен насихаттауы аса маңызды! Өзара
ынтымақтастығымыз, жұртшылықпен іс-қимылымыз әрқашан ашық болсын,
халқымыздың мүддесіне адал қызмет ете берейік!!!!
Кәсіби мереке қарсаңында қоғам құлақ түре алатындай, сауатты
жазатын, ісіне адал, кемшіліктерді термейтін, медицина
мамандығының мәртебесін көтеріп, қоғамда ақ желеңді жандардың еңбегінің
қадірін насихаттайтын кәсіби маман журналистеріміз көп болсын!
Қызметтеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге
табыс тілейміз!
Құрметпен, Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы
УНИКАЛЬНАЯ ОПЕРАЦИЯ выполнена под руководством доктора Н.ЖАКИЕВА
Жүкті, босанған әйелдер мен жаңа туған сәбилерге реанимациялық көмек деңгейі шыңдалды
1 маусым- Балаларды қорғау мерекесі
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна